Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 354 сайлау учаскесі бар – Бақыт Бектемісова

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 354 сайлау учаскесі бар – Бақыт Бектемісова
ашық дереккөз

«Конституциялық мерзімдерге сәйкес ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындалды. Жоғары өкілеттік органды сайлау еліміздегі елеулі қоғамдық-саяси оқиға. Еліміздегі сайлау туралы ҚР Конституциялық заңында мәслихат депутаттарын кезекті сайлауын тағайындау Орталық сайлау комиссиясының құзіретіне жатқызылған. Осыған байланысты ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 21 қазандағы қаулысымен Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалды», - деді ол.

Ол сөзін жалғай отырып, елордалық сайлау комиссияларына тоқталып өтті. «Жалпы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 354 сайлау учаскесі бар. Оның бесеуі – аумақтық, 349-ы – учаскелік. Олардың ішінде 66 сайлау учаскелік сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының шетелдегі өкілеттіктерінің жанында. Жыл басынан бері біз 50 жаңадан сайлау учаскесін құрдық. Қазіргі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында барлығы 3 322 сайлау комиссиясының мүшесі бар. Олардың ішінде 35-і аумақтық, 3 287-сі учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері», - деді Бақыт Бектемісова.