ИИДМ: Көлік комитеті «ҚТЖ» «ҰК» АҚ теміржолдардың күтіп ұстау сапасын тексерді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ИИДМ: Көлік комитеті «ҚТЖ» «ҰК» АҚ теміржолдардың күтіп ұстау сапасын тексерді
ашық дереккөз

Арнайы жабдықтар мен мобильді диагностикалық кешенді қолдана отырып, теміржолдар мен бағыттамалы бұрмаларды тексеру нәтижесінде (тексеру қазан айында Қазақстанның барлық өңірлерінде жүргізілді) жолаушылар мен жүк поездары жүретін теміржолдарда қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін 1000-нан астам бұзушылық анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша теміржолдарды күтіп ұстау бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді. Поездар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін өрескел бұзушылықтарға байланысты тексеру кезінде 127 теміржол және 108 бағыттамалы бұрмаларды пайдалану тоқтатылды, 350 жылдамдық шектеулері берілді, сондай-ақ арнайы жылжымалы құрамның 56 бірлігі пайдаланудан қалып қойды. Бұзушылықтарды жойғанға дейін ШҚО, Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарында және басқа да облыстарда бірнеше теміржолдардың қызметі толығымен тоқтатылды, бұл жолаушылар және жүк поездарының қозғалыс кестесінде көрініс тапты. 2020 жылдың он айында теміржол көлігі субъектілері қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың 826 оқиғасына жол берді, ол бойынша көліктік бақылау қызметкерлері 53 млн теңгеге жуық сомаға әкімшілік материалдар толтырды. Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйін талдау өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұзушылықтардың өскенін көрсетті: 2019 жылы 808 бұзушылық тіркелді. Қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері ҚР ИИДМ Көлік комитетінің ерекше бақылауында екенін атап өту қажет. Бақылау теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін, жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ санитарлық-карантиндік режимді ескере отырып, теміржол көлігінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында жүргізіледі. Егер сіз теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына куә болсаңыз, бұл туралы ҚР ИИДМ Көлік комитетінің +7 7080880800 WhatsApp-нөміріне хабарлаңыз.