Рахат Бекболат ауыр атлетикадан әлем кубогінің жеңімпазы атанды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Рахат Бекболат ауыр атлетикадан әлем кубогінің жеңімпазы атанды
ашық дереккөз

Кезекті жарыс күнінде ол 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қатысты. Нәтижесінде қоссайыс бойынша (140+179) келіні бағындырды. Айта кетерлігі, аталған жарысты Перудің ауыр атлетика федерациясы ұйымдастырып жатыр. Қазақстандық спортшылар қоржынында бір алтын, бір қола жүлде бар. Абылай Әуелханов алғашқы алтынды алған болса, Гүлнұр Ыбырай қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Сондай-ақ, Азамат Төлеген мен Мейрамбек Әбдіхалық төртінші орыннан көрінген.