Қазақстан мен Өзбекстан делагациялары арасында демаркациялық комиссияның отырысы өтті
Комиссия Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстанмен шектес Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысы шегіндегі учаскеге мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындауды жалғастырды. Комиссия отырысы барысында 2020 жылғы мамырда Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы себебінен бүлінген шекаралық бағаналарды қалпына келтіру мақсатында Өзбекстан Республикасының Сырдария және Жизақ облыстарымен шектес Қазақстан Республикасының Түркістан облысы шегіндегі Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерін далалық зерттеу жүзеге асырылды. Келіссөздер достық және сындарлы жағдайында өтті. Келесі отырыс Қазақстан Республикасында 2020 жылдың желтоқсан айында жоспарланған.