Елордада бөтен біреудің телефонын ала қашқан азамат ұсталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада бөтен біреудің телефонын ала қашқан азамат ұсталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211462511708810.webp)
Елорда тұрғыны полицияға қала көшелерінің бірінде ұялы телефонын сұрап, қашып кеткен жас жігітке шара қолдану туралы жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, оған жас жігіт кенеттен жолығып, шұғыл қоңырау шалып алу үшін ұялы телефонын бере тұруын сұраған. Бұл кезде ол мас болатын. Ер адам бас тартпастан берген кезде, ол ұялы телефонды алып, көшенің бойымен қаша жөнелген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер осы іске қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы азаматты ұстады. Ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған адамның бұған дейін жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.