Нұр-Сұлтан қаласында бір мектеп карантинге жабылды – Есмағамбетова

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтан қаласында бір мектеп карантинге жабылды – Есмағамбетова
ашық дереккөз

«Оқу жылының бірінше тоқсанында Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы кейбір мектеп карантинге жабылған болатын. Кеше ғана Нұр-Сұлтан қаласында бір мектеп карантинге жабылды. Екінші тоқсан кеше ғана басталғандықтан, кешегі күнмен есептегенде 55 оқушының вирус жұқтырғаны анықталды. Олардың 14-і офлайн оқитындар қатарында болса, 41-і қашықтан білім алатындар арасында тіркелген. Яғни балалар арасындағы вирус жұқтыратындар әлі де тоқтаған жоқ. Біз бұл туралы күн сайын мониторинг жүргізіп отырамыз. Ал қолданылатын шаралар, ол вирус жұқтырғандардың байланыста болған адамдарын анықтау. Осыған сәйкес, тұтас мектепті немесе бір ғана сыныпты карантинге жабу шарасы қарастырылады. Яғни карантин уақыты әдеттегідей 14 күн. Осы уақыт аралығында вирус жұқтырғандармен байланыста болғандар арасында КВИ жұқтырғандардың жаңа жағдайы тіркелмесе ғана карантин алынады», - деді ол.