Елордалық мектеп ұстаздарына платформаларды қолдану әдісі үйретілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордалық мектеп ұстаздарына платформаларды қолдану әдісі үйретілді
ашық дереккөз

«Телесабақтардың бірсарынды болып қалғаны жайлы білім саласындағы сарапшылар бағасын берсін. Тағы бір айтарлығы, әрбір білім беру платформасының екіншісінен айырмашылығы да, кемшін тұстары да бар. Ал сол платформалардың біреуін таңдау мектеп әкімшілігінің иелігінде. Олар осы платформамен келісімшар жасасады», - деді ведомство басшысы.

Ол сөзін жалғай отырып, платформа мәселесі елордада ғана өзге өңірлерде де бар екенін атап өтті. «Мектеп ұстазы оқушыларына сабақ беру үшін қолданатын байланыс құралын өзі таңдады. Осыған байланысты қандай да бір проблемалар туындап жатты, біз оларды уақытылы анықтап, ұстаздарды қайта үйрету курсынан өткіздік. Қазір бұл проблема өткен тоқсанның басындағыдай емес ақырындап реттеліп келеді», - деді Шолпан Қадырова.