Мектеп ұстаздары жалақысы азайған жағдайда министрлікке шағымдана алады – вице-министр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Мектеп ұстаздары жалақысы азайған жағдайда министрлікке шағымдана алады – вице-министр
ашық дереккөз

Онлайн форматта өтіп жатқан жиында БАҚ өкілдері тарапынан әлеуметтік желілерде қашықтан сабақ беріп жүрген ұстаздардың арасында жалақысы азайып қалғаны туралы шағымдар түсіп жатқанын жеткізді. Осыған байланысты Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Бигари былай деп жауап берді: «Осыған дейін министр Асхат Қанатұлы айтқандай, ұстаздардың жалақысы азайтылмайды. Ал мұндай жағдай орнай қалғанда бізге қажетті мәліметтерді жеткізсе, бұл олқылықты шешетін боламыз», - деді.