Сенат 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті талқылайды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сенат 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті талқылайды
ашық дереккөз

Сенаттың кезекті отырысы 2020 жылдың 19 қарашасында өтеді. Соның барысында сенаторлар Мәжіліс мақұлдаған «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңының жобасын қарайды. Палата отырысында «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы да қаралады. Сонымен қатар Бюрода Мәжілістен келіп түскен екі заң жобасы Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетіне берілді. Олар: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары.