Елордада «Сыбайлас жемқорлықсыз ел» тақырыбында онлайн отырыс өтті
Отырыс барысында Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу шаралары талқыланды. Ғасыр дертіне баланған сыбайлас жемқорлық елдің әлеуметтік – экономикалық дамуын, нарықтық бәсеке мен өңірлерге инвестициялар тарту процесін тежейді. Міне, сол себепті де Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Онлайн жиынның қонағы ретінде – әдеп және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілі, «Әдеп» жобалық кеңсесінің жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты Еркебұлан Нұғыманов өз баяндамасын ұсынды. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Тәуелсіздік сарайы" МКҚК директоры Рыскалиев Болат, ЖК "Үміт" директоры Жарова Майра, №37 мектеп директоры Сегізбай Алмагүл, №11 қалалық емхананың бас дәрігері Сагындыков Жаңалық, ЖК "Жапаров" директоры Жапаров Қуат қатысып өз пікірлерін білдірді.