Игорь Крутой Димашқа арнап жаңа ән жазды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Игорь Крутой Димашқа арнап жаңа ән жазды
ашық дереккөз

Бұл туралы композитор Instagram парақшасында жариялады. Оның сөзінше, әннің аты – «Мен сені сағынып жүрмін» ("Я скучаю по тебе"). Әннің мәтінін композитордың досы Игорь Николаев жазған. «Игорьмен бірге бірлескен туындыны шығармағалы біраз уақыт болып қалды. Бірақ қазір тағы да шығармашылық қоңыраулар, түзетулер, уайым мен естегі ескі күндердің жаңғырығы... Димашпен де сол шаруа – дауыс ырғағын анықтау жұмыстары. Елдегі ең танымал (біздің елдегі ғана емес) дауыс иесі Димашты күту... Осы әннің тағдыры жарқын, ал оған сүйенген махаббат иелері бақытты болар деген сенімдемін», - деп жазады Игорь Крутой Іnstagram парақшасында.