СІМ: Шетелде жүрген қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарының сайлауына қатыса алады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
СІМ: Шетелде жүрген қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарының сайлауына қатыса алады
ашық дереккөз

Шетелде Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқығын қамтамасыз ету үшін 53 мемлекетте 66 сайлау учаскесі ашылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңы 24-бабының 8-тармағына сәйкес, Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімі дауыс беру күніне дейін өзектендірілетін болады.

Сонымен бірге, шетелдегі сайлау процесін уақтылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарынан жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет беруін сұраймыз.