Тоғызқұмалақтан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы спартакиаданың жеңімпаздары анықталды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Тоғызқұмалақтан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы спартакиаданың жеңімпаздары анықталды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114893938959878.webp)
Ойын алдында қатысушыларды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова құттықтады:
– Тоғызқұмалақ - төрт мың жылдық тарихы бар бірегей ұлттық ойын. Ол шығармашылық пен логиканы дамытады, сол себепті де бұл ойын оқушыларымыздың арасында кеңінен танымал. Ойынға қызығушылық таныту – өз халқының тарихы мен мәдениетіне жақындай түсу.
Нұр-Сұлтан қаласындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Төлеев Нұрхан өмірдегі жарқын сәттерінің бірі деп ойындағы ең тез жеңісі – жиырма минут ішіндегі жеңісін біледі.
– Тоғызқұмалақ – адамды дамытып, танымын кеңейтетін зияткерлік ойын, – деп Нұр-Сұлтан қаласындағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушысы Ержан Аман ой бөлісті.
Назарбаев Зияткерлік мектептері даму департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ балалардың тоғызқұмалаққа деген қызығушылықтары жыл сайын артып келетінін, ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуға арналған жобалар NIS әлеуметтік жобалары қатарында сұранысқа ие екендігін атап өтті.
Үш жастық топта командалық есепте 2020 жылдың чемпиондары болып Талдықорған және Қызылорда қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құрамалары танылды. Бір ерекшелігі Қызылорда командасы екі бірдей жастық топта сенімді жеңіске қол жеткізді. Жастық тобы бойынша жеке есепте Анель Кайрат, Абылайхан Тыныштықбай (екеуі де Талдықорған қ. НЗМ), Жұлдызай Мұнайтбасова (Қызылорда қ. НЗМ), Бекжан Әділжаппар (Семей қ. НЗМ), Жұлдыз Садықбек (Қызылорда қ. НЗМ), Бекарыс Жортабаев (Орал қ. НЗМ) чемпион атанды.