ҚР ИИДМ мен Украина Инфрақұрылым министрлігі арнайы меморандумға қол қойды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ҚР ИИДМ мен Украина Инфрақұрылым министрлігі арнайы меморандумға қол қойды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114903539564772.webp)
Екі ел министрліктерінің басшылары көлік және көлік инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықты дамыту бағытын және бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін ТРАСЕКА жобасына қатысушылар арасында бірыңғай транзиттік рұқсатты енгізу шарттарын талқылады.
"Бүгінде рұқсаттамалар қағаз күйінде басылып жүр. Бірақ Қазақстан серіктестерімен электрондық форматқа көшіру бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Венгрия, Германия, Грекия, Иран, Латвия, Молдова, Словакия, Швейцария және Түркия біздің бұл ұсынысымызды қолдады. Украина ақпараттық технологиялар туралы да тілге тиек етті", - делінген ақпаратта.
Қазақстан-Украина кездесуінде азаматтық авиация, теміржол көлігі және халықаралық жүк автомобиль тасымалдары саласындағы өзара іс-қимылдың перспективалық жобаларын талқылады. Сондай-ақ, Қара және Каспий теңіздерінің теңіз порттарын пайдалана отырып, Қытай – Қазақстан – Әзірбайжан – Грузия – Украина - Еуропа елдері бағытында қосымша жүк тасымалын тарту мүмкіндіктеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Кездесу соңында тараптар жүргізілген келіссөздердің нәтижелеріне ризашылықтарын білдіріп, инновациялық технологиялар мен ақпараттық жүйелерді құру саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы, халықаралық жүк автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат алмасу тәртібі туралы меморандумға қол қойды.