Шетелден келген 196 мың адамның 364-інен коронавирус анықталды – Ерлан Қиясов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Шетелден келген 196 мың адамның 364-інен коронавирус анықталды – Ерлан Қиясов
ашық дереккөз

«Елімізде шектеу шаралары енгізілгелі бері мемлекеттік шекараны 196 мың адам кесіп өтті. Оның ішінде 364 адамда коронавирус инфекциясы анықталды. Соңғы аптада 98 жағдай тіркелді. Халықаралық әуе рейстерімен 69 953 адам елге келді, ал 8 827 адамнан тест сынамасы алынды. Оның ішінде 48 адамнан COVID-19 инфекциясы табылды. Бұл 48 адамның ішінде 16-сы - Түркия, 18-і - Мысыр, 5-еуі - БАӘ, 7-еуі - Беларусь, 2-еуі - Ресей елдерінен келді», - дейді бас дәрігер.

Ол сөзін жалғай отырып, эпидемиологиялық жағдайдың ушығып кетуін ескерер болсақ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерімен шекарада талап күшейгенін айрықша атап өтті.