Алтай Көлгінов елордада өнеркәсіп салаларын дамыту жайын талқылады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алтай Көлгінов елордада өнеркәсіп салаларын дамыту жайын талқылады
ашық дереккөз

«Нұр-Сұлтанда коммуналдық және ауыл шаруашылығы техникасын, лифтілерді жинау бойынша бірлескен кәсіпорындардың ашылуы, өнеркәсіп салаларын одан әрі дамыту және тауар айналымын арттыру Беларусь Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен талқыланды», - деп жазды А.Көлгінов.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кездесуде өнеркәсіптік кооперацияны күшейтуге - бірлескен кәсіпорындар мен жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға назар аударылды. Сонымен қатар, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық талқыланды. Түрлі бағыттар бойынша айтылған мәселелер қарастырылды.