Елордада болашақ қаржыгерлерге арналған жұмысқа орналасу жәрмеңкесі өтуде
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада болашақ қаржыгерлерге арналған жұмысқа орналасу жәрмеңкесі өтуде](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114898927518607.webp)
Жұмысқа орналасу жәрмеңкесіне университет пен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қызметкерлері және жұмыс беруші ретінде ҚР Ұлттық банкі мен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша есеп комитетінің, «Nur Otan» партиясының, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдинг АҚ-тың, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, бірқатар екінші деңгейлі банктердің басшылары мен өкілдері қатысып, өздерінің мекемелеріндегі бос жұмыс орындарын ұсынуда.
Ал жұмыс іздеушілер тарапынан экономика факультетінің соңғы курсында оқитын студенттер мен магистранттар қатысуда.
Экономика ғылымдарының кандидаты, PhD, профессор Ботагөз Сапарованың айтуынша, мемлекет бүгінде жастардың қозғалысы мен оларды қолдауға ерекше көңіл бөлуде.
«Осындай форматтағы шаралардың арқасында университеттің түлектері өздеріне қызықты әрі сұранысқа ие жұмыстарды таба алады. Ресми таныстырылымнан бөлек, жәрмеңкеге қатысушыларға арналған арнайы диалог алаңын құрдық. Онда жас мамандар жұмыс берушілермен жеке танысып, мамандық бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қоя алады», - деді ол.