Елордада төбелестен бір бозбала көз жұмды
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада төбелестен бір бозбала көз жұмды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114905228682061.webp)
«Осы жылдың 10 қарашасында сағат 22.56-да 102-арнаға Нұр-Сұлтан қаласының Көктал шағын ауданында Болашақ көшесі бойынша жаппай төбелес туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері келген кезде жастар арасында жанжал туындап, нәтижесінде екі адам пышақ жарақатын алғаны анықталды. Салдарынан 17 жастағы Жанболат Ағаділов жедел жәрдем келген бетте қайтыс болды», — деп жазады Полиция департаменті.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі және 293-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта жанжалға қатысушылардың барлығын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғандармен тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша әркімнің іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.