«Абайдың мұрасы - адамзат қазынасы» онлайн фестивалі аяқталды
Сонымен қатар фестиваль кезінде танымдық лекциялар мен танымал тұлғалармен сұхбат ұйымдастырылды. Жалпы төрт күннің ішінде фестивальді YouTube-та 10 мыңнан астам көрермен тамашалады. Фестиваль мақсаты - хакім айтып кеткен білім, оқу-ағарту, тәрбие, жаңа кәсіпті меңгеру, ынтымақтың өзекті екенін көрсету. Философия ғылымының докторы, профессор, абайтанушы Ғарифолла Есімнің төрағалығымен ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы, кинотанушы, киносыншы, өнертану кандидаты, Қазақ ұлттық өнер университеті «Өнертану» кафедрасының профессоры, Қазақстан кинематографистер Одағының мүшесі Назира Рахманнан тұратын қазылар алқасы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған 45-тен астам бейнематериалды тамашалады.