Нұр-Сұлтан ауруханаларында изотермиялық ПТР зертханалары орналастырылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұр-Сұлтан ауруханаларында изотермиялық ПТР зертханалары орналастырылды
ашық дереккөз

Олардың көмегімен талдау нәтижелерін 2 сағат ішінде алуға болады. Бір мини-изометриялық кешеннің қуаттылығы - тәулігіне 130 тестілеу. «Қаланың көпсалалы ауруханаларына кез келген аурумен түскен науқастар коронавирус инфекциясының тасымалдаушысы болуы мүмкін. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мұндай кешенді сатып алуы науқастардың оқшаулау бөліміндегі уақытын қысқартуға және уақтылы ем қабылдауға мүмкіндік береді», - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова. Айта кетейік, осы зертханалық кешендерді қолдана отырып, КВИ-ға сынамалар іріктеу тек қалалық ауруханаларға шұғыл түрде түскен науқастар үшін ғана жүргізіледі. Жоспарлы пациенттер стационарға ПТР анализінің сертификатымен жатқызылады. Кешендер зертханалық тестілеу жүргізе бастағанына аз уақыт болды. Бүгінде жедел жәрдем бөліміне түскен пациенттерден КВИ-ға 100-ден астам тест алынды. Елордада КВИ-ге биоматериал жинауға арналған 15 зертхана бар. Зертханалардың жалпы қуаттылығы тәулігіне 10 мыңнан астам тестілеуді құрайды.