Жабылған университеттің оқу ақысына тең деңгейде ұстауға тырысамыз – Тойбаев студенттердің басқа ЖОО-дағы төлемі жайлы
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жабылған университеттің оқу ақысына тең деңгейде ұстауға тырысамыз – Тойбаев студенттердің басқа ЖОО-дағы төлемі жайлы](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114906720011664.webp)
ашық дереккөз
«Студенттердің ары қарай қайда ауысатынына байланысты арнайы комиссия құрылады. Осы комиссияның шешімі бойынша және әрбір студенттің өзінің таңдауы бойынша белгілі бір оқу орнына ауысу мүмкіндігі беріледі. Біз оқу ақысын жабылған университеттің оқу ақысына тең немесе шамалас деңгейде ұстауға тырысамыз. Ал пән айырмашылықтарын ыңғайлы тәртіппен тапсыруына мүмкіндік қарастырамыз», - дейді Әділет Тойбаев.
Айта кетейік, ведомство басшысы онлайн брифинг барысында Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов лицензиясынан айырылған оқу орындарынан студенттер семестрдің соңын күтпей ауысып кете алатыны туралы қаулы қабылданғанын мәлім еткен болатын.
Ұқсас жаңалықтар