Енді ректор лауазымы ашық конкурс арқылы жүргізіледі – департамент директоры

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Енді ректор лауазымы ашық конкурс арқылы жүргізіледі – департамент директоры
ашық дереккөз

«Жоғары оқу орындарында трансформациялау жүргізілді. Қазіргі уақытта 25 ЖОО-да директорлар кеңесі құрылды. Оның құрамына мемлекеттік орган өкілдері, бизнес қауымдастығының және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сонымен қатар Президенттік жастар резервінің өкілдері кірді. Директорлар кеңесі негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайтын болады. Осы бағытта үлкен жұмыстар атқарылды. Енді ректорлар лауазымына жалпы ашық конкурс жүргізіледі. Конкурсқа барлық талапқа сай келетін кез келген тұлға қатыса алады. Байқау екі кезеңнен тұрады. Оның біріншісі директорлар кеңесінде қаралады. Содан кейін республикалық комиссия қарайды», - деді ол.