Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында рейд жүргізілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында рейд жүргізілді
ашық дереккөз

«Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында ерекше жандар үшін барлық жағдай халықаралық талаптарға сай жасалған. Әуежайға кіргеннен бастап арнайы тетік арқылы көмек шақыра алады. Көмекке шақырылғаннан кейін борт қызметкерлеріне арнайы хабарландыру беріледі. Демалу орындары да қарастырылған», - дейді комиссия мүшесі Юсуп Келигов.

Сонымен қатар әуежайда менталды ауытқушылығы бар адамдарға және аутизммен ауыратын балаларға арнайы бейджиктер беріледі. Бортқа өту барысында бейджиктің көмегімен ешқандай кедергіге тап болмайды. Осы сынды тексерістер Қазақстанның барлық аумағын қамтитын болады.