Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
ашық дереккөз

Келіссөздер барысында ағымдағы жылы өтетін екіжақты және көпжақты іс-шаралардың күн тәртібі бойынша жан-жақты пікір алмасылды. М. Тілеуберді әріптесін БҰҰ, ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық бірлестіктер қызметінің өзекті бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының ұстанымы туралы хабардар етті. Тараптар алдағы аса жоғары және жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындыққа ерекше назар аударды. Диалог дәстүрлі түрде сындарлы және сенімді түрде өтті.