«Үркер-2020» Ұлттық сыйлығының номинанттары жарияланды
Биылғы байқаудың 11 номинациясы бойынша қатысушылардан 470 өтінім келіп түсті. Өтінімдер 2020 жылдың 2 қазаны мен 5 қарашасы аралығында қабылданды.
- Жылдың үздік фотосуреті:
Алтынбек Қартабай, «Арай» газеті Ернар Алмабек, Massaget.kz Руслан Мазунин, тәуелсіз фотограф Сәкен Ділдахмет, тәуелсіз экологиялық шолушы
- Жылдың үздік сұхбаты:
Айгерим Таубай, «Sputnik Қазақстан» АА Айнаш Есалиева, «Egemen Qazaqstan» газеті Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz порталы Данияр Адилбеков, Informburo.kz порталы
- Жылдың үздік аналитикалық материалы:
Кайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz порталы Нұрлан Оразғалиев, «Айқын» газеті Есімжан Нақтыбайұлы, Inbusiness.kz порталы Гүлім Еркінбек, BariBar.kz порталы
- Жылдың үздік журналистік зерттеуі:
Дархан Нурумбетова, BaigeNews.kz порталы Елена Брицкая, Юрий Масанов, Informburo.kz порталы Михаил Козачков, «Время» газеті Дина Имамбаева, «Ақиқат» журналы
- Жылдың үздік репортажы:
Зарина Ахматова, HOLA News порталы Еркебұлан Нұрекеш, «Айқын» газеті Гульбаршын Сабаева, «Егемен Қазақстан» газеті Айгерим Фазыл, Tengrinews порталы
- Жылдың үздік танымдық материалы:
Азамат Әбілұлы, «Egemen Qazaqstan» газеті Тимур Ниталиев, Sputnik Казахстан АА Еңлік Сақтан, BariBar.kz порталы Динара Насыр, Жайық пресс порталы
- Радиостанциядағы үздік жоба:
«Эфирде 102 FM» бағдарламасы, «Atyray» радиостанциясы «Бизнес Start» бағдарламасы, «Жаңа FM» радиостанциясы «Сәтті күн» бағдарламасы, «Жаңа FM» радиостанциясы «Өмірдің өзі» бағдарламасы, «Halyk radiosy» радиостанциясы
- Жылдың үздік жаңалықтар порталы:
BAQ.kz порталы LS Aqparat порталы TengriNews порталы BaigeNews.kz порталы
- Жылдың үздік газеті:
«Курсив» бизнес апталығы «AQ JOL» Жамбыл облыстық газеті «Túrkistan» халықаралық газеті «Жас алаш» газеті
- Жылдың үздік журналы:
«Ақылдым» журналы «Мұқағали» журналы «Akyl-kenes» журналы «Жұлдыз» журналы
- Шерхан Мұртаза атындағы номинация:
Қайнар Олжай Сәрсенбай Қали Еркін Қыдыр Думан Бықай. Ұлттық бәйге жеңімпаздары 13 қараша күні белгілі болады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі «Қазмедиа орталығында» өтеді, ал көрермендер назарына сыйлықтың urker-awards.kz сайтында тікелей эфир ұйымдастырылатын болады. Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздігіне жеңімпаз атағымен қатар «Үркер» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етіледі. Ұлттық бәйге ұйымдастырушысы: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры.