ДСМ халықаралық қауымдастықты Қазақстандағы COVID-19-ға қатысты жағдайдан хабардар етті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ДСМ халықаралық қауымдастықты Қазақстандағы COVID-19-ға қатысты жағдайдан хабардар етті
ашық дереккөз

"ДДСА шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы өзекті 20-дан астам мәселе қарау жоспарлануда, А комитетінің отырысы өтті, онда денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлардағы ДДСҰ қызметі, Қазақстан Республикасындағы COVID-19 қарсы әзірлік, ТЖ-ға дайындық мәселелері қаралды", - деді Ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры Гүлнар Мұханова.

Денсаулық сақтау министрлігі жанынан коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықты болжау және қажетті шараларды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды, ол орта мерзімді және қысқа мерзімді болжамдар жасайды. Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы әзірленді, оның көмегімен шектеу шараларын күшейту немесе жеңілдету бойынша шешімдер қабылданады. «COVID-19 таралуының алдын алу, эпидемияға қарсы және жедел профилактикалық шаралар қабылдау мақсатында біз бірқатар шараны жүзеге асырудамыз. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске заңнамалық деңгейде Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу бөлігінде өкілеттіктерін күшейту бойынша нормалар енгізілді, олар барлық адам үшін міндетті», - деді Г.Мұханова. Короновирус инфекциясының таралуын бақылау, сондай-ақ індет ошағын уақтылы оқшаулау үшін Қазақстан Республикасында «Covid-19 бақылау орталығы» және «Saqbol» веб-қосымшалары енгізілді, QR-кодты сканерлеу арқылы қоғамдық орындарға кіру, ҚР аумағына келген жолаушыларға сауалнама жүргізу, «Мен үй карантиніндемін» деген үш модульден тұратын «Zertteu» атты тағы бір мобильді қосымша дайындалуда. Инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауын күшейтті. Сонымен қатар, еліміз тестілеудің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда. Бүгінгі күні 3,6 млн-нан астам зерттеу жүргізілді, ағымдағы қуаты тәулігіне 71 мыңнан астам тестіні құрайды, тестілеу қуатының көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда шілде айынан бастап 2 есеге 100 мың тұрғынға шаққанда 213,0-ден 370,0-ге дейін ұлғайды. Карантиндік шаралардың сақталуын бақылау үшін еліміздің барлық өңірлерінде рейд жүргізетін және карантин талаптарын бұзғандарды анықтайтын мобильді мониторингтік топтар құрылды. «Осылайша, Қазақстанда Covid-19 таралуының алдын алу және денсаулық сақтау жүйесін дайындау бойынша тиісті шаралар қабылдануда», - деп атап өтті Г.Мұханова. Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-ші сессиясы 2020 жылдың 14 қарашасына дейін жалғасады.