ІІМ детективтік романдар мен повестердің әдеби байқауын жариялады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ІІМ детективтік романдар мен повестердің әдеби байқауын жариялады
ашық дереккөз

Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау аясында өткізіледі. Байқаудың мақсаты – халықтың құқықтық санасы мен мәдениетін, сондай-ақ отансүйгіштік сезімді арттыру, ішкі істер органдарының қызметкерлерін Отанға қалтқысыз қызмет етуге, ант пен қызметтік парызға адал болуға тәрбиелеу. "Бұдан бұрын жарияланбаған ірі проза жанрындағы детективтік шығармаларды (80 беттен тұратын романдар мен 50 беттен тұратын повестер) қабылдауды ұйымдастыру комитеті 2021 жылғы 1 сәуір мен 1 мамыр аралығында жүргізеді. Байқау ережелерімен Ішкі істер министрлігінің ресми парақшасынан, әлеуметтік желілерден және Polisia.kz сайты мен өңірлік департаменттердің парақшаларынан таба аласыздар. Байқау қорытындысын елімізге танымал ақын-жазушылар, сыншылар мен әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, журналистер және ішкі істер органдарының ардагерлері шығаратын болады", - делінген ақпаратта.