Елімізде жылыту маусымы басталғалы бері тұрғын үй секторында 1 761 өрт болды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде жылыту маусымы басталғалы бері тұрғын үй секторында 1 761 өрт болды
ашық дереккөз

Өткен жылыту кезеңінің ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт санының 7,3%-ға өскені, сондай-ақ өрт кезінде адамдардың қаза болуының 9,6%-ға төмендегені байқалады, өрт туындамай тұншықтырғыш газбен улану салдарынан қаза болғандар 30%-ға төмендеді. 2020-2021 жж. жылыту кезеңінің басынан бастап өрт салдарынан 55 адам жарақат алды, өрт туындамай улы газбен улану себебінен 51 адам жарақат алды. Өткен жылыту кезеңінің ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрт кезінде жарақаттанғандардың 12,2%-ға және өрт туындамай улы газбен улану нәтижесінде жарақаттанғандардың 13,3%-ға өсуі байқалады. Азаматтық қорғау органдарының бастамасы бойынша әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау органдарының өкілдерімен бірлесіп, халықтың әлеуметтік осал топтарының, жетім балалардың, көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың тұрғын үйлеріне бару жұмыстары қолға алынды. Аралау жұмыстары барысында қажетті әлеуметтік көмек айқындалады. Мәселен, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 118 мың тұрғын үй есепке алынды. Бірінші кезеңде әлеуметтік осал топтағы тұрғын үйлерді 100% аралау қамтамасыз етілді. Оның барысында 334 мың азаматқа нұсқау берілді. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп құрылған комиссия 87 мың үйге барды. 45 мың үйде 83 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық анықталды, оның 33 мыңы сол жерде жойылды. Қайта аралау барысында (100%) 118 мың үй қамтылды (132 үйге иелері кіргізген жоқ, 604 үйде иелері болмаған). Оның барысында 101 мың үй өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзбай пайдаланып жатқаны және 16 мың үйде бұзушылықтар бар екені анықталды. Бұл ақпарат жергілікті атқарушы органдарына берілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінен басқа, алдын алу жұмыстарымен автономды жылыту жүйелерімен байланысты төтенше жағдайлардың туындауына неғұрлым бейім тұрғын үйлер қамтылады. Бұл тұрғыда өткен жылыту маусымдарының тәжірибесі ескерілді. Мәселен, 759 мың үйге аралау жұмыстары жүргізілді (14 651 үйге иелері кіргізген жоқ, 38 177 үйде иелері болмаған). Оның барысында 1,5 млн азаматқа нұсқау берілді. 214 мың үйде 323 мың бұзушылық анықталып, оның 138 мыңы оқиға орнында жойылды. Бұзушылықтардың 90%-ы электр желілерін, электр жабдықтарын және автономды жылыту жүйелерін пайдалануға байланысты. Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты, демеушілік көмек есебінен (2020 жылғы 1 маусымнан бастап) улы газбен уланудан немесе жану өнімдерінен болған қайғылы жағдайлардың қаупін азайту мақсатында 13 мың датчик сатып алынды және орнатылды.