Нұр-Сұлтанда әлеуметтік топтарға арналған психологиялық семинар өтті
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Нұр-Сұлтанда әлеуметтік топтарға арналған психологиялық семинар өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211491541911750.webp)
ашық дереккөз
«Семинар елорданың әлеуметтік осал топ өкілдеріне өткізілді. Спикерлер қатысушыларға қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті ресурс жағдайын реттеу мен сақтаудың практикалық жолдарын үйретті. Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған аналарға семинар позитивті психологиялық көңіл-күй мен өмірлік қиын сәттерде қажет бағыт табуына мүмкіндік сыйлады», - деді жоба менеджері Арман Шәріпов.
Іс-шараға 20 адам қатысты. Спикерлер ретінде белгілі практик психологтар Лимана Қойшиева мен Арман Қожахметова сөз сөйледі.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар беріліп, толғандырған сұрақтарға жауап берілді.
Ұқсас жаңалықтар