«Шарын» базарындағы азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жасалды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Шарын» базарындағы азық-түлік өнімдерінің бағасына мониторинг жасалды
ашық дереккөз

Мониторинг нәтижесінде Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінде тіркелген бағаларға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік құнының күрт қымбаттауы анықталған жоқ. «Жалпы мониторинг қорытындысы бойынша күріштің килосы 220-270 теңге аралығында, пастерленген сүттің 1 литрі (2,5%) – 230 теңге, айранның 1 литрі (2,5%) – 270 теңге, жұмыртқаның 10 данасы – 320 теңге, күнбағыс майының 1 литрі – 500 теңге, пияздың килосы – 80 теңге, сәбіздің килосы – 100 теңге, құмшекердің килосы – 275 теңге, бірінші сұрыптағы бидай ұнының бір килосы – 130 теңге, тұздың килосы – 45-55 теңге. Баға тауардың сортына байланысты өзгеріп отырады. Бір таңырқататыны, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тіркелген бағалармен салыстырғанда 5-20 теңгеге арзандаған» – деді «Nur Оtan» партиясы «Байқоңыр» ауданы төрағасының бірінші орынбасары Айдос Шарипжанов. Дегенмен кей тауарларда бағаның қымбаттауы байқалады. Мәселен, картопқа белгіленген баға 120-130 теңге, бұл 3-15 теңгеге қымбат, ал Статистика комитеті тіркеген баға 1 килограмм үшін 112-117 теңге болуы керек. Ал базар басшылығы бұл мәселені жеткізушілердің картоп бағасын көтеру себебінен болып отыр деп түсіндірді. Мониторинг жүргізген арнайы топ «Шарын» базарының басшылығына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын осындай қарқынмен ұстап тұру үшін қажет ұсыныстар жасады.