Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарды шетелге шықпауға кеңес берді
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Айжан Есмағамбетова қазақстандықтарды шетелге шықпауға кеңес берді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115273611681765.webp)
ашық дереккөз
«6 қазаннан бері мемлекеттің шекарасынан 149 мың шамасында қазақстандық және шетелдік азаматтар автокөлікпен кіріп-шыққан. Оның 278-інен КВИ көрсеткіші оң нәтиже болған. Мұндағы вирус тасымалдаушылардың басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстары арқылы өткен. Соңғы аптада көлік арқылы келгендердің 122-сі вирус тасымалдаушы болып саналса, олар жалпы тіркелгендердің 45 пайызын құрайды. Халықаралық рейстер арқылы 61 мыңға жуық жолаушы келген. Олардың 8 332-сі тестілеуден өткен. 41-інен оң нәтиже болған. Оның 17-сі Египеттен, 13-і Түркиядан, 16-сы Беларусьтан, біреуі Ресейден, 4-еуі БАӘ-дан келгендер. Сондықтан, құрметті қазақстандықтар! Егер сіз қазір шетелге барсаңыз, ол жақтан коронавирус жұқтырып келуіңіз мүмкін. Сондықтан сыртқа шығудан бас тартатын мүмкіндік болса, неғұрлым сол мүмкіндікті пайдаланғаныңыз дұрыс»,– деді ол.
Ұқсас жаңалықтар