Қазақстандағы әрбір бес аккумулятордың төртеуі – отандық өнім
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Қазақстандағы әрбір бес аккумулятордың төртеуі – отандық өнім](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211527715961139.webp)
ашық дереккөз
Еліміздегі аккумулятор шығаратын компаниялардың бірі «Қайнар – АКБ» биылғы қазан айында өнім өндіруден рекордқа қол жеткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Компания 331 мың аккумулятор шығарды. Норма бойынша көрсеткіш - 216 мың. Өндірістің барлық жаңа көлемі алдағы айларда экспортқа жіберіледі. Мұндай нәтижеге зауыт ұжымының қажырлы еңбегінің және Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында бизнес пен мемлекет арасындағы серіктестіктің арқасында қол жеткізілді. Жалпы, Қазақстандағы әрбір бес аккумулятордың төртеуі – отандық өнім", - делінген ИИДМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Ұқсас жаңалықтар