Жылдың үздік атлеті атануға үміткерлердің тізімі жарияланды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жылдың үздік атлеті атануға үміткерлердің тізімі жарияланды
ашық дереккөз

Жыл үздігі атағынан он спортшы дәмелі. Үміткерлер қатарында 800 метрге жарысатын америкалық Донаван Брайзер, угандалық марафоншылар Джошуа Чептегеи мен Джейкоб Кейплимо, орта қашықтыққа жүгіретін кениялық Тимоти Черуйот, америкалық ядро лақтырушы Райан Круйзер, АҚШ спринтері Ноа Лайз, кедергілер арқылы жүгіретін норвегиялық Карстен Вархольм, балға лақтырушы Йоханнес Феттер (Германия) және диск лақтырушы Даниэль Шталь (Швеция), сондай-ақ, сырықпен секіруден әлем рекордшысы Арман Дюплантис (Швеция) бар. Спортшыларға дауыс беру 15 қарашада аяқталады. Ал ерлер мен әйелдер арасындағы жеңімпаздар 5 желтоқсанда жарияланбақ.