ТЖМ: Елімізде жылыту маусымы басталғалы 1300-ден астам өрт тіркелді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![ТЖМ: Елімізде жылыту маусымы басталғалы 1300-ден астам өрт тіркелді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211527964361962.webp)
Юрий Ильин Премьер-Министрге қыркүйектен бастап тұрғын үй секторында 1 300-ден астам өрт оқиғасы орын алғандығын жеткізді. Шымкент қаласында 8 есеге, Алматы – 60%, қырықтан жиырма пайызға дейін Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында өрт санының өсуі байқалды, қаза болғандар саны Жамбыл облысында 4 жағдай, Алматы қаласында – 3 және Павлодар облысында –2 жағдай, жарақат алғандар Қостанай облысында 6 есеге, Нұр-Сұлтан қаласында 4,5 есеге және Қарағанды облысында 2,2 есеге өсуі тіркелген. ТЖМ басшысының мәліметінше, алдын алу мақсатында автономды жылыту жүйелері бар 550 мыңнан астам үй аралаумен қамтылды, 140 мыңнан астам үйде өрт қауіпсіздігінің екі жүз мыңнан астам бұзушылық анықталды. «Әкімдіктер мен демеушілік көмек қаражаты есебінен ағымдағы жылы газ бен жану өнімдерінің қауіпті концентрациясын анықтайтын 12 мыңнан астам датчик орнатылды, жыл соңына дейін тағы 11 мыңнан астам датчик орнату жоспарлануда»,-деп атап өтті Юрий Ильин. Сонымен қатар, Юрий Ильин 417 жылу энергиясымен қамту және 4 322 білім беру объектісіне жүргізілген тексерулер бойынша баяндады. Оның ішінде 47 ЖЭО және 565 оқу орындары бұзушылықтармен пайдаланылады. Пандемияға байланысты денсаулық сақтау объектілері ерекше бақылауға алынды, олардың есебінде 1 409 объект. Министр елді мекендерді қорғауды қамтамасыз етудің маңызды құрамдас бөлігі ТЖМ бөлімшелерінің техникалық дайындығы болып табылатынын атап өтті. 2018-2020 жылдары тиісті жол картасын іске асыру жарақтандыру деңгейін 40-тан 52% - ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Үш жыл ішінде республикалық және жергілікті бюджет есебінен 645 бірлік техника сатып алынды. ТЖМ басшысы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жалпы сипаттағы мәселелердің бар екенін де атап өтті. Отырыс қорытындысы бойынша Асқар Мамин бірқатар нақты тапсырмалар берді, оның ішінде алдағы үш жылдық кезеңге арналған материалды-техникалық жарақтау туралы Жол картасын әзірлеу де бар.