Елордалық полицейлер көлік ұрлығына қатысы бар күдіктілерді қолға түсірді
[caption id="attachment_45474" align="alignnone" width="828"] Фото: видеодан скриншот[/caption] Мамандардың мәліметінше, қолға түскен 39 және 42 жастағы ұсталған екі күдікті - елорда тұрғындары. Олар ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап жасаған автокөліктерінен бес рет ұрлық жасады деген күдікке ілінген. "Шарын" базарының жанында күдіктілер үш автокөлік ұрлығын жасаған. Мәселен, 29 қазанда базарда болған 39 жастағы күдікті сканерлеу құрылғысы арқылы Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігін ашқан. Бұл уақытта автомобиль салонында кішкентай бала отырған. Баланың қолында ұялы телефон болған. Оны баладан алып, ер адам қашып кетті. Азық-түлік сатып алғаннан кейін баланың анасы көлікке оралып, болған жағдай туралы естіген бойда полицияға хабарлаған. Қазіргі уақытта күдіктілерге ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - дейді мамандар.