Оқулықтан қате кеткен жағдайда оның шығыны кімге жүктеледі
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
«Оқулықтардан кететін қателіктер түгелдей баспаның құзырына берілген. Оқулықты сатып алушы жергілікті әкімдіктер мен баспа арасындағы келісімшартқа сәйкес, қате кеткен оқулықтарды түгелдей алмастыру баспаларға жүктеледі. Бұл қағида оқулық шығару жөніндегі ережеге енгізілген. Баспалардың жауапкершілігі күшейтілді. Сондықтан егер де бұдан былай оқулықтан қандай да бір қателік кететін болса, оны баспа міндетті түрде өз қаржысы есебінен түгелдей қайта алмастыратын болады», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар