Шолпан Каринова жаңа әліппеде бұрынғы олқылықтар ескерілетінін айтты
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Шолпан Каринова жаңа әліппеде бұрынғы олқылықтар ескерілетінін айтты](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115279628470142.webp)
ашық дереккөз
«Әліппе оқу бағдарламасы үш кезеңге бөлінген. Яғни әліппеге дейін, әліппе кезеңі және әліппеден кейін кезеңдері. Әліппеден кейінгі кезеңде Ана тілі пәні оқытылатын болады. Әліппеде, бастысы, оқушылардың физиологиялық жас ерекшеліктері ескеріліп, әріптер, дыбыстар, буындар оқытылады. Бұрынғы көптеген адамдар білім алған әліппені қарасақ, онда көп нәрсе ескерілген. Қазіргі уақытта оқытылып жатқан пәнде де кейбір дүниені ескеруге тырысқан. Бірақ онда олқылықтар бар. Сол себепті де ата-аналар тарапынан түсініспеушіліктер пайда болуда. Ендігі әліппеде барлық олқылықтар ескеріледі. Бұған дейін министр атап өткендей, әліппе Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жасалуда. Бұрындары әліппемен қоштасу желтоқсан айында жүргізіліп, әрі қарай ана тілі оқытылатын. Бұдан кейін де оқу процесі осы әдістеме бойынша жүргізілетін болады», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар