Әліппені енгізу 2021-2022 жылдарға жоспарланып отыр – Шолпан Каринова
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Әліппені енгізу 2021-2022 жылдарға жоспарланып отыр – Шолпан Каринова](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211528051182420.webp)
ашық дереккөз
«Бұрыннан оқулық жазып жүрген авторлардың қатысуымен әліппе бағдарламасының жұмысы аяқталып, әліппенің оқу бағдарламасына қатысты оқулықтар әзірлеу жұмысы басталды. Келер жылдың қаңтар айынан бастап оқулықтар апробацияға енгізілетін болады. Ол үшін Білім және ғылым министрлігі апробация өткізетін пилоттық мектептердің тізімін бекітті. Сол мектептерде әліппе бағдарламасы зерделенетін болады. Одан кейін оқулық әзірлеудің барлық кезеңіне байланысты толық сараптама жүргізіледі. Сараптамадан өткен соң оқулықтар енгізіледі. Жалпы, әліппені енгізу 2021-2022 жылдарға жоспарланған. Бағдарламаны әзірлеу жұмысы жоспарға сай жүйелі түрде жүргізіліп келеді», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар