Қазақстанда телеарналар мен радиолар хабар таратуды бір күнге тоқтатады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда телеарналар мен радиолар хабар таратуды бір күнге тоқтатады
ашық дереккөз

Ведомство мәліметінше, сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналог эфирлік желілерінің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. "Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз", - деп жазылған хабарламада.