Ресей тарапы қазақстандық озат оқушыларға грант ұсынып, өздеріне тартып жатыр – Мырзахметов

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ресей тарапы қазақстандық озат оқушыларға грант ұсынып, өздеріне тартып жатыр – Мырзахметов
ашық дереккөз

«Адамдардың ауылдарда тұрақтап қалуы үшін онда кәсіпкерлік дамуы керек. Әрине, ауылдағы табыс қаладағыдан едәуір төмен. Алайда шекаралық аймақтардағы ауылдарда кәсіпкерлікпен айналысуға барлық жағдай қарастырылған. Ондай аймақтардан көшу, әсіресе жастар арасында көп кездеседі. Өйткені жастар өздерінің болашағын қаламен байланыстырғысы келеді. Ал Ресеймен шекаралас өңірлер туралы айтатын болсақ, көрші елдің іргелес жатқан облыстары қазақстандық жоғары сыныпта оқитын озат оқушыларды өз оқу орындарынан грант ұсыну арқылы білікті мамандарды тарту саясатын жүргізіп жатыр. Бұл ретте біз өз жастарымызды елде ұстап қалу үшін әр өңірде бес жылдық бағдарламалар жасалуы қажет. Әр өңір өзіне тән кәсіпкерлікті дамытып, бәсекелестікті күшейту керек», - деді ол.