Фируза Шарипова Мәскеудегі жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Фируза Шарипова Мәскеудегі жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
ашық дереккөз

Естеріңізге сала кетейік, Фируза Шарипованың жекпе-жегі 30 қазанда Мәскеуде «Крылья Советов»  спорт кешеніндегі турнирде өтеді. Жартылай орта салмақтағы әлем чемпионының қарсыласы сербиялық Сара Маржанович (7-7, 3 КО) болады. «Салмақ өлшедім. Жанымдағы адамдарға және мені қолдайтындарға көп рахмет. Ертең менің әлемге абсолютті Әлем Чемпионы атағын алу мақсатына тағы біршама жақындағанымды көрсететін тамаша күн болады!», - деп жазды Шарипова әлеуметтік желіде. Фируза Шарипованың жекпе-жегі Qazsport телеарнасында тікелей эфирде Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-да көрсетіледі.