Елордада даулы мәселелерді шешу жөнінде онлайн жиналыс өтті
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордада даулы мәселелерді шешу жөнінде онлайн жиналыс өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115287526084823.webp)
Дәріс барысында бітімгершілік институты біздің қоғам үшін жаңа институт емес екендігі, жер дауы, жесір дауы, ұрлық, барымта, құн дауы, ру араздығы, бас араздығына қатысты даулы мәселелерді қазылық жасай алатын, әділдікке келгенде туғаны жоқ тумадай қара қылды қақ жарып тура сөйлейтін билерге жүктелгені, сонымен қатар, Ұлы Абайдың өз заманының әділ биі, заң шығарушысы болғаны айтылды. Дауларды шешудің баламалы институттары ретінде медиация, сотта татуласу келісімін жасау, партисипативтік келісім арқылы істі шешудің ұтымды жақтары қозғалды. Кездесу соңында Абайдың би ретінде қырың тарқатып зерттеуді талап ететіндігі, осы бағытта жұмыс істеу қажеттігі айтылып, бұндай дәрістердің заңгер мамандығы бойынша білім алушылар үшін пайдалы екендігі ескеріліп алдағы уақытта түрлі тақырыпта жиі дәрістер өткізіп отыратын болып келісті.