Елорда ерекше білім беруді қажет ететін 300 студент оқып жатыр – Шолпан Қадырова
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елорда ерекше білім беруді қажет ететін 300 студент оқып жатыр – Шолпан Қадырова](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172115285540301792.webp)
ашық дереккөз
«Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті оқыту үшін жыл сайын мемлекеттік білім беру тапсырысы ұлғаюда. Биыл 19 колледжде 12 мамандық бойынша 300 студент білім алып жатыр. Сонымен қатар бейімдеу мақсатында және экономика саласы бойынша мамандарды даярлау, бір жүйеге келтіру және ауқымын кеңейту мақсатында 4 колледж 2 колледж болып біріктірілді», - дейді басқарма басшысы.
Ведомство басшысы сөзін жалғай отырып, қай саланың мамандарын даярлауға баса көңіл бөлінетінін мәлім етті. «Бұл радиотехника және байланыс, IT технологиялар, тамақтандыруды ұйымдастыру, туристік сервис, қонақүй бизнесі секілді сұранысқа ие мамандарды даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді», - дейді Шолпан Қадырова.
Ұқсас жаңалықтар