Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы екінші жаттығу жиынын бастады
15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат
ашық дереккөз
Спотшылар теңіз деңгейінен 1600 метр биіктікте орналасқан «Ақбұлақ» олимпиадалық орталығында дайындықты бастайды. Оқу-жаттығу жиынына Алматы, Қарағанды, Шымкент, Түркістан, Ақтөбе, Орал, Петропавл, Ақтау, Семей қалалары мен Жамбыл және Павлодар облыстарынан жалпы есебі 30 теннисші қатысуда. Олар 28 қазанға дейін карантин аймағында болып, негізінен таза ауада жаттығады. Спортшыларға Евгений Тимченко, Самат Бейсенов, Александр Брижевский және Дмитрий Левенколар бас-көз болмақ. Сәрсенбі күні теннисшілер олимпиадалық орталықтың залына ауысады.
Ұқсас жаңалықтар