00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада «Ғылым – ғажайып әлем» интерактивті көрмесі ашылды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада «Ғылым – ғажайып әлем» интерактивті көрмесі ашылды
ашық дереккөз

Интерактивті көрменің келушілеріне қарапайым тілде адамзат баласының өмірін жақсартуға, жаңа перспективалар ашуға мүмкіндік беретін ғылымның жетістіктері туралы айтылды.

«Ғылым – ғажайып әлем» көрмесі ғылым күніне арналған. Мұнда түрлі ғылыми бағыттар бойынша 10 алаң жұмыс істейді. Елордалық оқушылар ойлап шығарған туындыларын жұртшылыққа көрсетуде. Негізгі мақсатымыз – білімге құмар балалар мен ересектерді озық идеялармен, сондай-ақ ғылым мен техниканың жаңалықтарымен таныстыру, - деп хабарлады «Астана дарыны» директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Интерактивті көрме бағдарламасы түрлі форматтағы іс-шараларды қамтиды және 7 аймақтан тұрады:

- табысты көшбасшылардың баяндамалары;

- зияткерлік ойындар;

- ойын-сауық аймақтары – 3D, ІТ аймақ;

- ТЕDх форматта сөз сөйлеуге арналған алаң;

- ғылыми жобалардың тұсаукесерлері және тағы басқалар.

Жиын қонақтары мұндай іс-шаралар өздерін көрсетуге, эрудицияны, тапқырлықты танытуға және қолжетімді түрде жаңа ғылыми білім алуға көмектесетінін атап өтті.

Ұсынылған жұмыстардың ішінен жұртшылық №3 мектеп-гимназиясының оқушысы Александр Ракутиннің туындысын жоғары бағалады.

Мен толығымен автоматтандырылған және санитайзер, өткізу пункті және термометр ретінде бір уақытта жұмыс істей алатын роботты жасап шығардым. Мұны коронавирус пандемиясы басталған уақытта жасадым. Жасап шығарған құрылғым – маскасыз адамдарды тани алатын және келушілердің қолына антисептикті мөлшерлейтін нейрондық желі. Бұл тест нұсқасы 12-15 мың теңге тұрады, бірақ арзандатылып, ықшамдалса, бағасы шамамен 9-10 мың теңге болады, - деді жас өнертапқыш.

Өнертапқыштар мен көрмеге келушілер қазіргі қоғамда ғылым адамдардың көптеген салаларында маңызды рөл атқаратынын, өмірді әлдеқайда жеңіл әрі ыңғайлы ететінін бірауыздан атап өтті. Сондықтан ғылымды дамыту және дәріптеу адам өмірінің барлық саласын жаңартудың маңызды факторы болып саналады.