Елордада "Есірткісіз болашақ!" акциясы өтті
Акция халықтың назарын нашақорлық проблемасына аударуға, негізгі тәуекел тобының – жасөспірімдер мен жастардың проблемаларын кешенді шешу қажеттілігіне, салауатты өмір салтын жүргізудің орнықты қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ есірткіге тәуелділерге қажетті медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған.
Іс-шараға қаланың еріктілері қатысты, олар белсенді түрде парақшалар таратуға көмектесіп, есірткі заттарының зияны туралы түсіндірді.
Парақшаларды алған адамдар автоматты түрде бағалы сыйлықтар ойнатылатын байқаудың қатысушысы болды.
"Бүгін біз еріктілермен бірге парақшалар мен ақпараттық буклеттерді таратуға қатыстық. Бұл буклеттер халықты есірткінің зияны туралы хабардар етеді, осы жерден ата-аналар үшін пайдалы ақпаратты табуға болады, олар парақшаны оқығаннан кейін жасөспірімдер арасындағы есірткіге тәуелділіктің алғашқы белгілері туралы түсіне алады", - деді белсенді Адия Ахметова.
Іс-шара елорда әкімдігінің, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастамасымен, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың және әкім аппаратының мемлекеттік басқармасының қатысуымен өткізілді.