Елордада алғаш рет сноуборд алаңы ашылды⁣⁣

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада алғаш рет сноуборд алаңы ашылды⁣⁣
ашық дереккөз

⁣⁣⠀ Нысан Қазақстанда алғаш рет қысқы қоғамдық кеңістікті дамыту аясында орнатылып отыр. Жасанды төбешіктің ресми ашылу салтанатында Gorilla Pro Team командасы арнайы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. ⁣⁣⠀ Құрылыстың жалпы ауданы 720 шаршы метрден асады. Ұзындығы - 40 м, ені - 18 м. құрайды.⁣ ⁣⁣⠀ «Бұл қызықты спорт түрі тұрғындар мен елорда қонақтарының қысқы демалысын түрлендіре түсетініне сенімдіміз», — деп жазады қала әкімдігі. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл орын джиббингке жарайды. Jibbing — бұл металдан, ағаштан немесе пластиктен жасалған арнайы дайындалған фигураларға (рельстер, қораптар, жиектер) сырғу, трюктерін орындауға негізделген спорт түрі. Айта кетейік, Nur-Sultan Snowpark алаңы Байқоңыр ауданының әкімдігі мен скейтбордингтан Қазақстан Федерациясының ұйытқы болуымен ашылып отыр.