Елордадағы «Nomad City Hall» театрына Әзірбайжан Мәмбетов есімі берілді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Елордадағы «Nomad City Hall» театрына Әзірбайжан Мәмбетов есімі берілді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/17211451029285364.webp)
Әкім сөзін жалғай отырып, Мемлекет басшысы мәдениет саласы қызметкерлеріне айырықша көңіл бөліп келетінін, соның бір айқын дәлелі – Нұр-Сұлтан қаласының музыкалық жас көрермен театры аталатын жаңа өнер ордасының ашылуы екенін айрықша атап өтті. «Ал бүгін міне «Nomad City Hall» театрына Халық қаһарманы, елордамыздың Құрметті азаматы Әзірбайжан Мәмбетовтің есімі беріліп жатыр. Бұл – үлкен қуаныш. Әзірбайжан Мәмбетов есімі өнерсүйер қауым үшін жақсы таныс. Осы бір театр тарланының есімін мәңгі сақтау мақсатымен театрға есімін беріп отырмыз. Елордамызда ұлт мәдениетінің еңсесін тіктеуге зор үлес қосқан Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов – театр ғана емес, кино саласында да өзіндік қолтаңбасы қалған ірі тұлға. «Кеменің атын қалай қойсаң, солай жүзеді» демекші, Номад театры Мәмбетов мұрасына лайықты болып, көрерменін қуанта береді деп сенім білдіреміз», — деп жазды Алтай Көлгінов.