Жанна Пірәлиева: Тұрғындар алдын алу шараларын сақтамауы себепті қала қызыл аумаққа енді
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Жанна Пірәлиева: Тұрғындар алдын алу шараларын сақтамауы себепті қала қызыл аумаққа енді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114512026933424.webp)
ашық дереккөз
«Өткен аптада сырқаттану көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 51-ден асты. 10 желтоқсаннан бастап қала қызыл аумаққа ауысты. Бұл алдымен қала тұрғындарының алдын алу шараларын сақтамауы себепті болып отыр. 10 желтоқсан күні алғашқы зертханалық расталған 118 жағдай тіркелді. Оның ішінде 72 - симптомды, 46 симптомсыз күйде анықталды. Жергілікті жағдайлар – 109, сырттан келген жағдайлар – 9. Олар еліміздің әр аумағынан келген. Алматы қаласынан - 3 жағдай, Ақмола облысынан - 2 жағдай, Қостанай облысынан - 1 жағдай, Шымкент қаласынан - 2 жағдай, ШҚО-дан - 1 жағдай», - деді ол.
Айтуынша кәсіби құрам бойынша жұмыс істемейтіндердің арасында - 22 жағдай, зейнеткерлер арасында - 13 жағдай, жұмыс істейтіндер арасында - 52 жағдай (9 адам қашықтан), медицина қызметкерлері арасында - 3 жағдай, әскери қызметкерлер - 3 жағдай, оқушылар арасында - 14 жағдай (қашықтан 11 бала), студенттер арасында - 1 жағдай, ұйымдастырылған балалар арасында - 3 жағдай, ұйымдастырылмаған балалар арасында 7 жағдай тіркелді. «Бақылауда тұрған ошақтар қатарында – 850, үй ошағында қатынаста болғандар саны – 1 363, 225 ұйымдасқан ұйымда қатынаста болғандар саны – 1 161 адам», - дейді Жанна Пірәлиева.
Ұқсас жаңалықтар