EXPO мұзайдыны жаңа маусымын ашады
15 тамыз, 2024
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![EXPO мұзайдыны жаңа маусымын ашады](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/07/172114584535127233.webp)
ашық дереккөз
Сыйымдылығы 200 адамға дейінгі EXPO мұз айдыны елорданың ең жарқын және ең көп баратын көрікті жері – NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайының түбінде орналасқан. Мұзайдынның ауданы 1 300 шаршы метрді құрайды.Конькимен сырғанау барлығына тегін, EXPO мұзайдынының жұмыс уақыты күн сайын 12:00-ден 22:00-ге дейін.Келушілер үшін киім ауыстыратын жылы бөлме қарастырылған. Сондай-ақ мұзайдынның жанындағы кафеге барып демалуыңызға болады. Онда сіз ыстық шай ішіп немесе шоколад жеп, жылынып, тамақтана аласыз. Келушілерге ыңғайлы болу үшін 3 мың автокөлікке арналған тәулік бойы жұмыс істейтін жерасты тұрағы бар.Мұзайдынына өз конькиіңізбен келуге немесе сол жерде жалға алуға болады. 2 сағаттық сеанс 500 теңге тұрады.Ал, ең бастысы, биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты мұзайдынына келу ережелері өзгерді. Келушілер маска режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет. Қонақтарға берілетін конькилер мен барлық спорт жабдықтары қолданылғаннан кейін кептіріліп, антисептикпен сүртіледі.
Ұқсас жаңалықтар